Бір аруға ғашық болған «МBand» жігіттері желіні дүр сілкіндірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір аруға ғашық болған «МBand» жігіттері желіні дүр сілкіндірді! Ал, бейтаныс бойжеткеннің таңдауы кімге түсті?

Күні кеше Константин Меладзенің шәкірттері де тың туындының тұсауын кесті. «Мбэндтің» жаңа видеосы «Правильная девочка» деп аталады.

Бұл бейнебаянда бойзбенд әншілері жүздеген сұлудың ішінде бір ғана арудың жүрегін жаулауға асық. Алайда, серілердің сезімін баурағысы келген өзге сылқымдар түрлі қадамдарға барады. Махаббат хикаясын суреттейтін жаңа клипті бірнеше сағаттың ішінде 50 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген.