Димаштың ойы ғашықтық емес, оның бар уайымы Астанада өтетін алғашқы ән кеші

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаштың ойы ғашықтық емес, оның бар уайымы Астанада өтетін алғашқы ән кеші. Күнде қызу дайындық... Аздаған уақытта миллиондар жүрегін жаулаған қазақ баласының шоу-концертіне әлемнің әр түкпірінен фанаттары жиналған. Солардың бірі АҚШ-тан арнайы келген мына Алиса есімді ханым!

Алиса Келлог – 58 жастағы АҚШ азаматшасы! Қазақ баласының өнеріне тәнті болған ол, мұхит асып Димаштың ән кешіне арнайы келген. Тіпті, кумиріне деген құрметінің белгісі ретінде, өз көлігінің нөмірін «DIMASH» деп өзгертіпті.

Алиса Келлог, Д. Құдайбергеннің фанаты (АҚШ): -Бір күні құрбым ғаламтордан сілтеме жіберді. Сол сәтте видеодағы жігіттің вокалдық қабілетіне тәнті болдым. Ерекше дауыс пен жоғары ноталарды алғанда таң қалғанымды көрсеңіздер! Ол Димаш орындаған «Ай эм сингер» жобасының алғашқы кезеңіндегі француз әні болатын.

Димаштың өнеріне тәнті тыңдармандардың басым көпшілігі аспан асты елінен. Қытайдың Ганконг қаласынан келген Лиза есімді қыз қазақ халқының қонақжайлығына дән риза!

Лиза – Д., Құдайбергеннің фанаты (Қытай): -Қазақстандық фанаттардың қонаққа деген құрметіне мың алғыс! Осы уақытқа дейін бірнеше елде болдым. Алайда, Астанадағы Димаштың жанкүйлерлері достықты жоғары қоя білетін, нағыз жанашыр жандар екенін көрсете білді.

Бұл бас қосуда Димаштай талантты ұлды дүниеге әкелген ата-анасы да бой көрсетті. Құдайбергеновке деген құрметі ерекше жанкүйерлерге Қанат пен Света Айтбаевтардың да айтар алғысы шексіз.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергенннің әкесі: -Әр қайсыларыңыздың отбасыларыңыз бар! Әр қайсыларыңыздың жүректеріңізде армандарыңыз бар. Сол армандарыңызға қолдарыңыз жетіп, өмірдің ең биік шыңын бағындыра беріңіздер деген тілек айтамын.

Света Айтбаева, Д. Құдайбергеннің анасы: -Сіздердің Димашқа деген құрметтеріңізді біздің отбасыға, бүкіл қазаққа деген құрмет деп қабылдаймыз. Қазақстанға қош келдіңіздер! Жиі келіп тұрыңыздар! Арадағы байланыс үзілмесін! Жанкүйерлер жүздесуден кейін «ЕХРО-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатрға ағылды. Сахнаға шабыттана шыққан Димаш, «Ақтөбе – құтты мекен» атты гала-концертінен табылған фанаттарының армиясына ашық аспан астында ән шырқап берді.