Пэрис Хилтон тұрмысқа шығуға әзірленіп жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром

Пэрис Хилтонның да жетімдер үйі мен балалар ауруханасына өз гардеробындағы миллионға жуық көйлегі мен 500 аяқ киімін апарып бергені есімізде. Сылқым енді қамқорлығын отағасына, болашақ сәбилеріне арнамақ. Себебі, тұрмысқа шығуға әзірленіп жатыр.

Бұған дейін, отбасын құру, бала сүю сынды әңгімелерден ат тонын ала қашатын Пэрис Хилтон есейгенін мойындады. Сондықтан, 32 – жастағы сүйіктісі, модель Крис Зилканы жанұя құруға көндірген.

Танысқандарына небәрі жарты жыл өтсе де, Пэрис жанын сөзсіз ұғынатын адамды тапқанына сенімді. Ғашықтар неке жүзігін таңдап, той салтанатын қай бағытта өткізу қажеттігін талқылап жатыр.

Джейсон Стэтхемннің де шаңырағынан құтты хабар! Актердың ұлы өмірге келді! Victoria's Secret -тің экс-періштесі Рози Хантингтон Уайтли өз сүйіктісіне атұстар сыйлаған. «Біздің кішкентай ханзадамыз Джек Оскар Стэтхэм 3 келі 630 грамм болып, 24 маусымда дүние есігін ашты», - деп жаршылады сәнбике!

«Бауы берік болсын» деген тілек енді Криштиану Роналдуға да жарасады. «Реал» шабуылшысы егіз перзентті болғанын ресми хабарлап, сүйінші сұрады. Бірақ, шақалақтарымен әлі қауышып үлгермепті. Себебі, ол Конфедерация Кубогінің жауапты матчтарында Португалия намысын жыртып жүрді. Дегенмен, ұлттық құрамасы үшінші орын үшін ойынды Криштианусыз-ақ өткізуге келісіп, футболшы үйіне қайтты.

Бұл әншінің жанкүйерлері үшін енді басты құпияның беті ашық! Рианнаның су жаңа бойфренді расында да Наоми Кемпбелдің экс- сүйіктісі Хассан Джамил екені расталды. Ғашықтар бұдан әрі қарым-қатынастарын жасыруға ниетті емес. Олар бұл жолы Ибицаға романтикалық саяхатқа аттанып бара жатқан сәтте папарацци торына түсті.