Димаштың «Бастау» шоуындағы сахналық костюмдерінің басым бөлігі неге қара түсті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайбергеновтің жеке мансабының «бастауы» болған концертті тыңдарман әлі де талқылауда! Әншінің сахналық костюмдерін жасау, бастан-аяқ Сәкен Жақсыбаевқа тапсырылғаны да пікірталас тудырды. Көбіне тек нәзік жандыларға топтамасын бағыттайтын дизайнерге ұсыныс кімнен түсті?

«I am a singer» додасы Димаш Құдайбергеновтің атағын ғана асқақтатқан жоқ, өзіндік стилін де қалыптасырды!

«Славян базарындағы» Димаш Құдайбергенов пен бүгінгі Димашидың образындағы өзгеріс көзге ұрып-ақ тұр.

Сәкен Жақсыбаев, сәнгер: – Жылтыр костюм киген біздің эстрададағы есепсіз той әншілері сынды образына қайта оралғанын қаламадым. Қытайлық стилисттер қалыптастырып үлгерген эстетиканы жалғағым келді.

Сәкен Жақсыбаевтың айтуынша Құдайбергеновтің имиджін қалыптастыру жолында кәсіби команда жұмыс істейді. «Бастау» концертіндегі сахналық костюмдерін тігу мәртебесін жеңіп алуым үшін отандық сәнгерлермен тендерге түстім, - дейді ол. Мәдениет министрлігі арнайы құрған комиссия, ұсынылған эскиздердің арасынан үздіктерін таңдап, жеті образды да тігуді Сәкен Жақсыбаевқа тапсырған.

Сәкен Жақсыбаев, сәнгер: - Димаштың өзі де соңғы тенденцияның бәрінен хабары бар, жан қалауын анық біледі екен. Бірден, ыңғайлы, мүсініне жарасымды пішімдерді көрсетті.

Экспериментке құштар, ұсыныстарға ашық! Димаштың бұл қыры онымен жеңіл тіл табысуымызға сеп болды, - дейді сәнгер. Дегенмен, әншінің образдары неге тек екі реңкпен шектелген?

Сәкен Жақсыбаев,сәнгер: – Бұл классика! Ақ пен қараның үйлесімі әрқашан ұтымды көрінеді. Оның үстіне, қоюшы режиссермен ақылдаса отырып, шоудың бағытына сай образдар жасадық.

Тек, нәзік жандыларға жұмыс істеу үйреншікті болғандықтан Сәкен Жақсыбаев ерлер коллекциясына ойыспаймын деп отыр. Тек, келер маусымның топтамасына «Димаш» атты ерлер киімдер желісін енгізуге құлықты.