«Өрмекші адам» қазақша сөйлеп, өз көрермендерімен қайта қауышпақ

Сообщить о проблеме с эфиром
Біле білсеңіздер, «Өрмекші адам: үйге оралу» фильмінің әлемдік премьерасына басты қаһарман арнайы қатысты! Лос-Анджелестегі тұсаукесерде төбе көрсеткен ол, әдеттегідей әлемді қара ниеттілерден қорғау үшін емес, бейнекамералар алдында өзін әбден көрсетуге келгендей.   Кинокартинадағы жаңа шытырман оқиға, бұл жолы Питер Паркердің «қарапайым өмір сүремін» деген ниетпен үйіне оралуынан басталады. Иә, көптің тыныштығын күзеткен жанның құлағы тыным таппасы белгілі. Бұл туынды шілде айының 7-нен бастап әлемнің үлкен экрандарынан көрсетіледі. Ал, еліміздің киносүйер қауымы Астана күніне орай, фэнтезиді қазақ тілінде тамашалай алады!