«Ninety One»-дық мемберлердің әр ай басында бір тосын сыйы даяр тұрады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Байқадыңыздар ма, «Ninety One» -дық мемберлердің әр ай басында бір тосын сыйы даяр тұрады! Бұл жолы «Қараңғы жарық» үнтаспасының тағы бір шағын нұсқасын таныстырды! Күні ертең аймақтарға турнеге жолға шығатын кю-поперлер, бүгін Алматылық иглздармен жүздесті.

«Ninety One» тобы: – Көбісі бізді өзгерді деп жатыр. Тұлға ретінде өзгерді деп жатыр, музыкалық талғам ретінде өзгерді деп жатыр. Иә, біз өзгердік.

Тоқыраудың тығырығына тірелмес үшін бұрынғы бағытты, стильді, әуенді, туынды мәтінін, образдарды өзгерттік дейді, - 91-ліктер. Бұл – есейгендерінің, өнерлерін өркендеткендіктерінің белгісі іспетті.

Бес шағын бөліктен құралған «Қараңғы жарық» үнтаспасының кезектісі екі синглдан тұрады. Өткен айда бейнебаяны таныстырылған «Ескі таспа биі» һәм әлі сиясы кеппеген «Бүгінгі күннен» композициялары. Қосымша – жігіттердің өздері шығарған пайым ұсынылады.

«Ninety One» тобы: – Бірініші бөлігіне қарағанда, әлдеқайда күрделірек болып табылады. Бұл жерде біз уақыттың мәселесін, жалпы өмірдің мәселесін қозғаймыз. Осы шақ пен болашақтың арасындағы әңгімелер.

Кю-попперлер су жаңа туындыларын аймақтардағы иглздарға да таныстырмақ. Бұл фан-митингтер мен концерттердің ойдағыдай өтуіне топ продюсері Ерболат Беделханның өзі кепіл болады.

«Ninety One» тобы: – Осы жылы біз істейтін кезде «Juz entertainment» және де Ерболат Беделхан толықтай өз қолына алатын болады осыны. Яғни турненің ұйымдастырылуын. Кез-келген жағдайда, тіпті былтырғыдай жағдай болған күннің өзінде Ерболат Беделхан оны өз мойнына алып, біздің тыңдармандардың алдында өзі жауап береді.

Ендеше, 2-ші шілде Талдықорғандық, 4-ші шілде Тараздық иглздар «Ninety One» -дық мемберлерді қарсы алыңыздар!