Көлеңкедегі актрисадан бір-ақ күнде танымал тұлғаға айналған - Меган Маркл!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көлеңкедегі актрисадан бір-ақ күнде танымал тұлғаға айналу Меган Марклге оңай соққандай! Дегенмен, миллиондардың арманы Гарри ханзаданың назарын аудару жеңіл шаруа емесі анық! Енді, сылқым жайлы арнайы деректі жоба жасалып, оның жеті қат сандықтағы құпиялары жарыққа шықпақ.

Бар құпиясының құлпын ашпаққа әрекеттенгендер ісі Меганды қуантады деу әбестік. Себебі, бұрын тұрмыста болған аруды, корольдік отбасындағылар онсыз да қабылдағысы келмей жүрген.

Енді, танымал телеарна оның достары мен туыстарының сұқбаты негізінде өткен өмірін қазбалайды. Бұған дейін, өгей сіңілісі Саманта абыройына нұқсан келтіретін кітап шығарғанды. Меган осы сындас жанындағы жаулары атағына кір келтіре ме деп қорқады.

Кэти Перри керісінше жеке өмірі жайлы жұрт көбірек шуласа дейтін сынды. Әйтпесе, 23 жастағы әншісі, Найл Хоран қырындап жүр деп жарияға жар салар ма еді. Бірақ, «One Direction»-нің мүшесі Кэтидің бұл сандырағын жоққа шығарды. Серінің айтуынша, Перри ханымның жасы ол үшін тым үлкен.

Күні кеше егіз перзентті болдым деп сүйіншілеткен Криштиану Роналду, бүгін миллиондарға шақалақтарының суретін көрсетті. Сәбилерге Ева мен Матое есімдерін еншілетіпті.