Қайткенде де, тұрмысқа шығамын! Леди Гага өзінің менеджерімен шаңырақ көтермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Леди Гаганың Тейлор Кинниге тұрмысқа шығуға әзірленіп жүргені есіңде ме? - Иә! Бірақ, тойға санаулы күндер қалғанда, екеуі бет көріспестей болып кеткен жоқ па еді? - Дұрыс айтасың, дегенмен, Леди Гага алған бетінен қайтпайтын сияқты! Көптен күткен неке қию салтанаты әйтеуір болады! Тек, күйеу жігіт өзгеріп кеткен!

Тэйлордан іргесін аулақ салған соң, жүрегіне түскен сызатты емдеп жазатын жанды Леди Гага алыстан іздемеген! Екі жылдан бері қасында жүріп, жеке агенті қызметін атқарған Кристиан Кариноға көз салыпты. Леди Гаганың әр қалауын сөзсіз-ақ ұғынатын сері уақыт оздырмай, бірден үйленуге ұсыныс жасайды. Ең эпатажды сылқым да «кет әрі» болмаған. Бірақ, олар неке қию салтанатын ел назарынан жырақта өткізуді көздеп отыр.

Мэттью Ратлермен отбасын құру – әзірге Кристина Агилераның жоспарына кірмейді! Дегенмен, бұл сүйіктісі Кристидің сұлулыққа құмарлығын қайта оятқандай. Әнші артық салмақтан арылған. Ол тіпті мінсіз мүсінін ел талқысына салып та көрді!

Дженнифер Гарнер мен Бен Аффлектің қарым-қатынасы көз қуантады! Экс- ғашықтар заңды түрде ажырасып кетсе де, уақыттарын бірге өткізуден қашқақтамайды. Себебі, олар татулығымыз балаларының тәрбиесіне оң әсер етеді деп сенеді. Бұл жолы жұп Лос- Анджелес көшелерінде қыдырып жүрген шағында папарации объективіне ілінді. Олар, екі қызы мен ұлын ертіп, серуенге шыққан.