НТК арнасының мерейтойлық логотипіне жариялаған байқаудың жеңімпазы анықталды

Сообщить о проблеме с эфиром

Есіңізде ме?! Біздің телеарнаның 20 жылдығы құрметіне, қиялы ұшқыр, талантты телекөрермендер арасында «НТК логотипінің мерейтойлық ЭКСКЛЮЗИВТІ» нұсқасы үшін байқау жарияланған еді. 1-ші маусым күні бастау алған бұл шығармашылық байқауға 150-ден астам жұмыс келіп түскен. Енді біздің әділқазыларымыз шын мықтыны анықтамақ! Үздік деп танылған автордың жұмысын жақында НТК.КЗ. сайтынан көре аласыздар! Ал жеңімпаз атанған логотип иесі Түркияға екі адамға арналған саяхат жолдамасын қанжығалайды! Жаңғырған НТК арнасын қосып, көтеріңкі көңіл-күйдің желісіне ілес!