Жұлдызды релакс! Қайрат Нұртас - Ыстықкөлде, Лидо – Түркияда, Арман мен Аша – Алматылық демалыс аймағында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл Баян Мақсатқызы сынды, Лидия Досалинаның да өмірін егжей-тегжейлі білуге асық жандар жетерлік! Әнші тұрмыс-тіршілігін де, отбасын да жұрт назарынан әркез жырақта ұстауға тырысатын. Дегенмен, бұл жолы қағидасын бұзып, сүйіктісін көпшілікке көрсетті.

Саяхаттауға жаны құмар Лидо бұл жолғы демалысын – Антальяның Кемер аймағында өткізуді ұйғарған. Ол Жерорта теңізінің жағалауына жанұясымен аттанды.

Ең кішкентай вайнерлер Аминокка мен сіңілілері де, қазір қызықты бейнероликтерін Белек куроротында таспалап жүр! Түркияға жиі ат басын бұратын олар, саяхаттағы ескі таныстарын да жиі жолықтырады екен.

Ыстықкөлге ән сапарлатып барған Қайрат Нұртас, анасы және інілерімен бірге жақсылап демалып қайтуға да үлгерді.

Су бетінде мотоскутермен жүйіткіген әншінің, қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарағаны көпті таңдандырды.

Кішкентай ханшайымдарымен шетелге шығуды орынсыз санаған Арман Қоңырбаев пен Аша Матай Алматыдағы көңіл көтеру орындарын місе тұтуға мәжбүр. Сенбі күні - хорор квестке барып, жексенбіде қаладағы аква-саябақтардың бірінде отбасымен бой жазды.

«Брат или брак» комедиясын таспалау ісін аяқтап, арқаны кеңге салған Құралай Анарбекова гольф спортын меңгеруге кірісті. Әзірге, нәтижесі ойдағыдай!