Әлем таныған Димаш енді продюсер ме?! Бастау шоуында тұсауы кесілген домбырашылар дуэтінің жетекшісі кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Астана төрінде өткен Димаштың ауқымды шоуында жас домбырашылар дуэтінің тұсауы кесілген еді. Бір қызығы, ұлттық аспабымызды ұлықтаған бұл өнерпаздар ұжымы да «Бастау» деп аталады.

Иә, Құдайбергенов пен қара домбыраны серік еткен серілердің продюсері бір адам. Алпамыс Шаримовтың жетекшілігіндегі бұл жаңа жоба, Димаштың ән кешінде «Бастау» атауымен ресми түрде алғаш рет сахнаға шықты.

Алпамыс Шаримов, продюсер: -Сол кезде 2 жігіттің ойнаған композициясы жаңадан шыққан... Олжас Сүлейменовтің жаңадан шыққан «Евразия» композициясын ойнап, барлық «Астана аренаны» үлкен ыстық ықыласқа бөлеген болатын.

Темірлан мен Ернат аспан асты еліндегі «Ай эм сингер» жобасының 7-ші кезеңінде де, сахнада бой көрсеткені бар. Қазақ баласы «Дайдидауды» шырқаған сәтте, домбырамен сүйемелдеген дәл осы жігіттер.

«Бастау» тобы: -Димаш шығып келгенде, қолына домбырасын алып «Адайды» бастағанда, дене деген тітіркеніп кетеді де адамның. Жетеуіміз бір-бірімізге қарап, көзімізге жас келіп, сондай бір эмоция болды бізде...

Алпамыс, жас өрендердің шеберлігіне сол кезде тәнті болғанын айтады. Тіпті, Димаштың өнердегі жетістігін, жаһан жұртының алдында осы домбырашы жігіттер қайталап жатса таң қалмаңыз!

Алпамыс Шаримов, продюсер: -Димаш ән айтып жатқан кезде өзінің әлеміне кіріп кетеді де. Сол әлемде өмір сүреді. Ән айтып болғаннан кейін, біздің әлемге қайтып келеді де. Бұл жігіттердің де бойында сондай қасиет бар.

«Бастау» тобы: -Қазақтың домбырасын неге біз скрипканың деңгейіне жеткізбейміз. Неге біз әлемдік инструмент қылдырмаймыз? Неге Вивальдидің «Времена года» циклын неге домбырамен шығармасқа деген сұрақ туындайды да.

Иә, өнерпаздар жақында бұл олқылықтың да орнын толтырмақ ниетте. Бүгінде, Бастау дуэті қазақ күйлері мен шет елдік шығармаларды топтастырып, алғашқы үнтаспаны әзірлеу үстінде.