«Номад станс» ұжымы қайырымдылыққа бағытталған ерекше шоу өткізді

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, қазақстандық каскадерлер түсірілім алаңында өнер көрсетіп те, көмекке зәру адамдарға қол ұшын созып та үлгеруде. Аты әлемге әйгілі «Номад станс» ұжымы, қайырымдылыққа бағытталған ерекше шоу өткізді. Ат құлағында ойнаған жігіттердің өнерін тілшіміз де тамашалаған еді.

Қазақстандық каскадерлер енді өз өнерлерімен тек актерлардың ғана емес, көмекке зәру адамдардың да өмірін сақтап қалуға ниетті. Алматыда әлемге әйгілі «Номад станс» ұжымы қалың жұртты әсерлі шоумен таң қалдырды. Аталмыш шара арқылы түскен бар қаржы игі мақсаттарға жұмсалмақ.

Жайдарбек Күнғожинов, каскадер, трюктер қоюшысы: -Қазір сьемкалардың алдында қолымыз бос болған соң, осындай үлкен шоу жасап, ақша жинап, сол кішкентай балаларға көмектесуге, сосын аз қамтылғандариға болысуға ақша жинап көмектесейік деп жатырмыз.

Қайырымдылыққа бет бұрған өнерпаздар бүгінде әлемнің үздік каскадерлерінің үштігіне кіреді. Мықтылар көшін испандықтар бастаса, екінші орынға - Қазақстан, ал үшінші орынға - ағылшын каскадерлері жайғасқан.

Жайдарбек Күнғожинова, каскадер: -Мальтада болиивудский проект пираттар туралы, сосын Индияда 10 адам қазір, тоже үлкен кино, сосын Турцияда «Діріліш» деген сериал, «Балканский война» деген сериал басталғалы жатыр, сол жақта адамдарымыз. Өзіміз осында 2-3 проектке дайындалып жатырмыз.

Киноәлемінде актер ретінде қанат қағып, кейін каскадер ретінде бағын сынаған Жандос Айбасов та бұл ерекше шоудың басты кейіпкері! Оның болашақта камера алдында да, әрі кадрдан тыс та жұмыс істей бермек ойы бар.

Жандос Айбасов, актер, каскадер: -Актер болсаң, бүкіл рөлдерді ойнап шыға алмайсың ғой ақыры. Сондықтан, мен бұрыннан «Номад» каскадерлерінің құрамына кіргім келген. Осылай екі жақта да жүре берем.

Әлемді мойындатқан өнерпаздардың жақсылықтың жаршысына айналғаны игі іс!