Джей Зидің үнтаспасы қызу талқылауға түсіп жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркенің соңғы хитімен қатар жарыққа шыққан Джей Зидің үнтаспасы да қызу талқылауға түсіп жатыр! Отқа майды рэпердің өзі де құйып қояды. Мәселен, Бейонсеге кезінде жасаған опасыздығы жайындағы құпиясының шетін шығарды!

«Джей Зи көзіме шөп салды» деген әңгімені Бейонсе «Лемонад» үнтаспасын таныстырған тұста астарлап жеткізгендей еді. Осыдан соң, желдей ескен түрлі қауесетке «4:44» әнжинағы арқылы рэпердің өзі нүкте қоймаққа талпынды. Ол опасыздыққа барғанына өкінетінін, сүйіктісінен бұл ісі үшін аяғына жығылып кешірім сұрағынын да жасырмады. Бұл батыл қадамдар би ханшайымның жүрегін жібіте алғаны анық.

Дженнифер Гарнер болса Бен Аффлектің көзіне шөп салғанын сол күйі кешіре алмады! Таяуда, екеуі заңды ажырасқан еді. Қайғырып, қу тізесін құшақтап Бен ұзақ отырған да жоқ! Жүрегіндегі махаббат отын жаңадан маздатқан Линдси Шукус есімді сылқыммен көңіл қосты. Енді, олар бір баспанаға қоныстанып үлгеріпті.

Кэтти Перри де айырылысудың ащы дәмін татып көрген жан! Тіпті, Орландо Блум қайта оралар деген үмітпен біразға дейін күтті! Мұңға батып, күйзелісте жүруден қажыса керек, ол енді жан жарасын емдеуге көшкен. Сылқым Италиядағы аралдарыдың біріне демалысқа аттанып, қиындықтарын жадынан түбегейлі өшіруге талпынуда.

Тимати таяуда шаңырақ көтеретін сыңайлы. Анастасия Решетованың саусағынан гауһар жүзік түспейтін болғандықтан, көпшілік рэпер үйленуге ұсыныс жасады.