Баян Мақсатқызына 29 киіз үй не үшін керек болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Мақсатқызының артық нәрсеге алаңдауға мүлде уақыты жоқ. Белгілі продюсер жаңа фильмнінің дайындық жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен...

Бірер апта бұрын Баян ханым «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» тарихи туындының түсірілім жұмыстарына лайықты жер тапқанын жар сала жариялаған еді.

Енді, көздің жауын алатын көрікті мекенде қазақ үйлер тұрғызылып, таңдалған локация түсірілім жұмыстарына сақадай сай. Фильмдегі «Қарабай» ауылын әзірлеу үшін, продюсер 29 қазақ үй алдырып, қаржысын аямаған сыңайлы.

Көне заманды шынайы сипаттау үшін барын салған Баян ханым, әлеуметтік парақшасында «біз дайынбыз» деп жазды. Соған қарағанда, түсірілім жұмыстарының ауылы алыс емес!