Есболат Беделхан, жеке басының имиджінен гөрі, жаңа жобаның жұмысын жандандыруды жөн деп шешкен

Сообщить о проблеме с эфиром

Есболат Беделхан, жеке басының имиджінен гөрі, жаңа жобаның жұмысын жандандыруды жөн деп шешкен. «Блэк дайлдың» басшысы енді жігерлі жас рэпер жігіттің жұлдызын жағуға ниетті. Ал, рэйванстардың кумирі атанған «қара домалақтар» қайда қалмақ?!

Дәл осы Дармұхамед есімді жігіт - Есболаттың жаңа жобасы. «Ордалық» әнші енді, хип-хоп бағытында өнер көрсететін жас өреннің музыкалық продюсері шенін иеленді. Кіші Беделханның қол астындағы бозбала, отандық шоу-бизнестегі рэперлердің қатарын толықтырмақ!

Есболат Беделхан, продюсер: -Жеке маған өте жақын рэп! Өйткені адамдар білетін шығар, көрермендер тыңдап жатыр, «Орда» тобында жүріп мен рэп те оқыдым. Негізі өзімде көп тыңдаймын рэпті.

Есболаттың әр қадамын қалт жібермес рэйванстар, жаңа жобаға жетекшілік еткен кіші Беделханға өкпелі көрінеді.

Есболат Беделхан, продюсер: -«Блэк дайлды» бастап, содан кейін оны ауыстырып басқа жобаға кетті деген сыбысты менде естідім. Бірақ ол әрине өтірік. Бір жұмысты бастаған кезде соңына дейін жеткізу керек. Бізде контракты бар «Блэк дайл» проектісімен. Сол контрактының уақыты біткенге дейін үлкен жетістікке жету керекпіз.

Болашақта «Ордалық» әнші жеке лейбл ашып, тың жобалардың тұсауын кеспек ниетте.

Есболат Беделхан, продюсер: -Үлкен орталық болуы мүмкін. Тіпті академияға қазір қолдау көрсетіп жатырмыз. Шәкірттер тәрбиелейміз болашақта. Тек қана әнші-биші емес, басқа салада да шәкірттер тәрбилейміз. Үлкен орталық боламыз болашақта.

Дармұхамедтің дебютті бейнеклипінде, түнгі клубта көңіл көтерген жастардың өмірі мен қыз-жігіттер арасындағы би батлы суреттеледі.