Тамара Асар меймандарына қызыл-күрең шәй құйып берді

Сообщить о проблеме с эфиром

Астаналық бомондтың кеше самаурынның шәйімен шөлін қандырғаны күні болды – ау! Буы бұрқырағын қызыл-күрең шәйді Тамара Асардың өзі меймандарына құйып берді. Әнші, 41 жасқа келген туған күнін осында ерекше стильде атап өтуді ұйғарған.

«Шәй ішіп кетсең қайтеді, мен ұсынған кеседен»деп шырқайтын Тамара Асардың, әншіліктен өзге суретшілік өнері де бар ұқсайды. Астана төрінде ұйымдастырған жеке патиінде, бикеш өзі кескіндерін салған самаурындар көрмесін де таныстырды.

Меймандар тек фарфор самаурындардың сұлулығына тамсанумен шектелген жоқ. Әншінің қолымен құйып берген шәйінен де сусындады.

Соңғы кезде Баян Мақсатқызы сауық-сайраннан мүлдем бас тартқан. Себебі, продюсер тарихи телехикаяның түсірілім жұмыстарына кірісті. Ол «Еңлік-Кебек» картинасына арнап, жайлауда отызға жуық қазақ үй тігіп, ауқымды жобасын бастап кетті.

Көрермен асыға тосқан тағы бір туынды «Патруль 3» телехикаясының да алғашқы түсірілімдері жүріп жатыр. Құқық қорғаушылар Берік пен Серіктің бастан кешер хикаялары, бұл жолы да қызықты болады деп сендіреді авторлар.

Айқын Төлепберген мен Әли Оқапов Қостанайдан қайта алмай қалды. Себебі, әншілерді Алматыға жеткізуі тиіс әуе кемесі 16 сағатқа кешігіп ұшқан. Амалсыздан қонақ үйге қайтқан екеуі ойда-жоқта кезігіп қалыпты. Уақытты бос өткізбес үшін, олар Торғайдың табиғатын тамашалап, орманда серуендеген.