Kинопродюсер тек қалтасы қалың кісі ме? Әлде аталмыш саладан қабілеті бар адам ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актер Алшынов Бисембиннің кезекті картинасында продюсер атанса, отандық киноиндустияда да бұл мансапқа қол созушылардың қарасы көбейген. Мәселен, бұл тізімде Сиви Махмудидің анасы бар. Сонда, кинопродюсер тек қалтасы қалың кісі ме? Әлде аталмыш саладан қабілеті бар адам ба? Серікқазы Аязбаев анықтап көрді!

Азамат - алаш жұртына актерлық қырымен танылған талант! Алайда, тағы бір кәсіпті қолға алған оның, әмбебап өнерпаздар қатарын толықтырғаны бар. «Бір сен үшін» фильміне продюсерлік еткен Сатыбалды, аталмыш картинаны әріптес және ет-жақындарының жәрдемімен таспалағанын жасырмайды.

Азамат Сатыбалды, актер, кинопродюсер: -Бірақ, ең бастысы менің түсінігімде оқудан бұрын тәжірибе жақсы сияқты. Мен осы 1 фильмді түсіргенде көптеген нәрсені үйрендім. Келесі фильмде осында кетен қателіктердің барлығын жасамауға тырысамын.

Алғашқыда актриса ретінде кинонарыққа аяқ басқан Құралай Анарбекова да, отандық кинопродюсерле тізіміне енді. Бүгінде «Брат или брак» атты дебюттік картинасын таспалаған өнер иесі, аталмыш мамандықтың қыр-сырын Ресейде игергенін айтады.

Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер: - Әрине білім керек. Және сол білім үшін мен Мәскеу қаласына барып оқып келгенмін. ВГИК институтын бітіргенмін. Қазір продюсер мамандығы бойынша өзім 3 жылдай Қазақстан аймағында жұмыс істеп келемін. Оған дейін Ресейде жұмыс жасағанмын.

КВН сахнасының түлегі Нұрлан Қоянбаев та ұлттық колоритті картина желісіне айналдырған кинопродюсер. Ол режиссер Жеңісханмен бірігіп «Бизнес по казахский» фильмін түсірген болатын.

Жеңісхан Төре, режиссер: -Енді Нұрлан Қоянбаевпен бірінші рет жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Екеуіміз сонау 2000 жылдан бері бір-бірімізді танимыз. Сондықтан продюсер ретінде өте жақсы, өз жұмысын біледі. Біздің командада әр адам өз жұмысын біледі.