«Патруль» телехикаясының үшінші маусымы таспалануда

Сообщить о проблеме с эфиром

Арнамыздың көрермендеріне жағымды жаңалық! Көпшілік көзайымына айналған «Патруль» телехикаясының үшінші маусымы таспалануда. Тұрғындардың тыныштығын қорыған Серік пен Берік бұл жолы қандай қиындықтарға тап болады? Қос полицейдің шені өсе ме? Жаңа маусым несімен ерекшеленбек? Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

НТК арнасының тәртіп сақшылары өз жұмыстарына қайта кірісті. Алматы қаласында «Патруль» телехикасының үшінші маусымы таспалануда.

Медет Аманбаев,актер: -Түсірілім процесі басталғанына 5-6 күн болған болар. Әлі алдымызда 1 айға жуық жұмыс бар. Бір айда бітіреміз деп жоспарлап жатырмыз.

Ел тыныштығын қорыған полицейлердің бұл маусымда да қызмет шендері өспейді. Алайда, ең маңыздысы ол емес дейді киногерлер.

Медет Аманбаев, актер: -Әр маусымды біз бір-біріне ұқсамайтындай қылып жазуға тырыстық. Шендеріміз өспейді, бірақ болатын оқиғалар өте қызықты қылып жасадық. Және әр маусым сайын біз юмор жағынан да, сценарий жағынан да жақсартуға тырысып келдік.

Оқиға желісін барынша шынайы көрсету үшін сценаристер қауымы арнайы маманға да жүгінген көрінеді.

Мейіржан Түребаев, актер, сценарист: -Біз РУВД-дан бір кісіні шақырамыз. Ол келеді, бізге әртүрлі оқиғаларды айтып береді. Бірақ біз ол оқиғаларды қолданбаймыз. Өйткені қолдануға болмайды. Біз оларды көрсете алмаймыз. Сондықтан өз фантазиямыздан шығарып, сценарийге кіргіземіз.

Өздерінің қиялына ерік берген киногерлер бұл маусымда да кейіпкерлер құрамын бәз баяғы қалпында қалдыруды жөн көрген.

Медет Аманбаев, актер: -Бірақ осыған дейінгі маусым сияқты мен өзімнің коллегам Мураны тап солай алдаймын. Ол жағынан ешқкандай айырмашылық жоқ. Образдарымыз тап солай сақталып қалды.

Олай болса, «Патруль-3» телехикаясын асыға күтеміз!