Жұлдыздардың демалысы

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртас Италияның Пиза қаласына не мақсатпен аттанды?

Дана Нұржігіт жұбайымен жақын күндерде бал айына аттанатын болар! Әзірге Қайрат Нұртас шетел асып кетті. Сері Италияның көрікті мекендерді аралап, Лугурия теңізінің жағалауында күнге қыздырынып жүр.

Қайрат әуелі Франкфуртқа, содан соң Флоренцияға сапарлатты. Негізі бағыт алған мекені – Тоскана аймағы болатын. Ауқымы алақандай-ақ Пиза шаһарына табан тіреп, бір тәулікке жетпейтін уақытта түгел аралап үлгерген сынды. Атақты, Пизан мұнарасына барып, теңізге түскен.

Атақты шоумен Мухамед Жанов екеуін Италияда тұратын қазақтар тойларына шақырған.

Актриса Әлия Әнуарбек күнделікті күйбең тірліктен бір сәт демалуға қолайлы аймақ – Түркияның Анкарасы, - дейді! 8 айлық қызы және жұбайымен бірге Жерорта теңізі жағалауында демалып жатыр.

Түркиядан таяу күндерде ғана елге оралған әріптесім Тәуекел Мүсілім болса, Қырғыз еліне аттанып кетті. Ыстық көл жағалауында достарымен сайран құрып жүр.

Актриса Айым Сейтметова мен сүйіктісі Вахид Изимовтың да биылғы демалысы айыр қалпақты ағайындар курортында өтіп жатыр.

Динара Сұлтан керісінше отандық туризмді қолдауға шақырады. Жақын жандары, үш қызы мен атұстарын жанына жиып, Көкше табиғатына тамсануды жөн санаған.