Жанды дауыста ән салуға ниетті жастардың жолын бөгеушілер кім? «Vox Acapella» тобы ақиқатын айтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанды дауыста ән салуға ниетті жастардың жолын бөгеушілер кім? «Vox Acapella» тобы ақиқатын айтады!

Ал, мына қыз-жігіттер жанды дауыста ән салуға қанша құштар болса да, ондай мүмкіндіктің жоқтығына қапалы. Акапелла жанрын насихаттап жүрген бұл ұжым, фанограммаға бауыр басқан әріптестеріне аса өкпелі көрінеді...

«Vox Acapella» – аталмыш жанрды дәріптеуші вокалистер ұжымы! Ешбір аспаптың сүйемелдеуінсіз өнер көрететін топтың құрамы 6 адамнан тұрады. Олар бас, баритон, тенор, альт пен сопрано және әнді орындау барысында ритмді қадағалайтын битбоксер.

«Vox Acapella» тобы: -Біздің топта 6 адам болғаннан кейін 6 түрлі тембр, ол адамның дауысының ерекшелігі. Ең бірінші құпиясы. Одан кейін адамның дауысының мүмкіндігі шексіз. Кез-келген музыканың сиқырын бере алады.

Дегенмен, бұл топтың өз әттеген-айы бар. Неге десеңіз, аталмыш жанрда өнер көрсететін қыз-жігіттердің қалаған уақытта, кез-келген сахнада жанды дауыста ән шырқауына мүмкіндігі бола бермейтін көрінеді.

«Vox Acapella» тобы: -Көптеген қиындықтардан өттік. Біздің Қазақстанда көп жерлерде, жанды дауыста ән айту мүмкіндігі шектеулі. Бірақ біз барлық жерде ән айтуға тырысамыз. Өзіміздің профессионалдық деңгейімізді көрсетуге тырысамыз әрқашан.

Бұл топтың репертуарында 4 трек бар. Дәл қазір дебюттік бейнебаянның да түсірілімі жүруде! «Қадам» деп аталатын жаңа әні арқылы, бұл ұжым жастарға жігер сыйлауды көздейді.

Vox Acapella» тобы: -Ең актуалды тақырыптардың бірі. Адамдарға күш беру, қолдау беру, жастарымызды алдыға қарай көтеру. Алдығы қарай жылжыту. Мотивационный деп айтамыз ғой... Сондай жанрдағы ән.