«Еуразия» кинофестивалі тағы қандай «тосын сый» әзірледі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шапан киген Николас Кейдж бен қызыл көйлекті Нұрлан Батыров! «Еуразия» кинофестивалі тағы қандай «тосын сый» әзірледі?

«Еуразия» кинофестивалі Ару қаладан биыл Астанаға ойысты! «Экспо» аясында өткендіктен ауқымын кеңейтіп, Голливуд жұлдыздары меймандыққа шақырылғанды. Қазақи қонақжайлылық белгісі іспетті Николас Кейджге шапан жабылды. Бірақ, дәл осы сәт мазаққа айналды. Енді, актерді «мем королі» деуге болатын шығар.

Николас Кейдждің ұлттық киімдегі кейпі, мұңлы көзқарасы көпке күлкілі көрінген сынды. Түрлі мем бір-ақ сәтте қарша борады. Тіпті, оның бұл бейнесі Батыстық, Ресейлік БАҚ беттерінде де жарияланып үлгерді.

Оскарлы актер Николас Кейджбен бірге, Киноакадемия «Үздік актер» деп таныған Эдриан Броуди де Елордаға табан тіреді. «Пианист» «Астана Опера» әртістерінің концертін көрген соң шабыттанғаны соншалық, енді дирижерді сомдауды армандайтынын айтты. Отандық картиналардың біріне түсуді де ойластырып отыр.

Голливудтық актерлардан Нұрлан Батыров та қалысар емес! «Безумная женщина» образында қызыл кілем салтанатында бой көрсетуі көпті күлкіге қарқ қылғаны анық! Айтпақшы, вайнер қызыл көйлегін әнші Адэмиден уақытша сұрап алған ба дерсің!

Сенбіде, шымылдығы түрілген кинофестивальдің әлі талай тосын сыйы бар. Биыл, бәйгенің негізгі байқауында 12 картина өзара бақ сынайтын болады. Қазақстан намысын Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі қорғайды.