Еуразия кинофестиваліндегі меймандардың тізімінде Димаш Құдайбергеновте бар

Сообщить о проблеме с эфиром

Елордада өткен Еуразия кинофестиваліндегі меймандардың тізімінде Димаш Құдайбергеновте бар. Жуырда ғана аспан асты елінде қос бірдей жүлдені еншілеген қазақ баласы, Астана төріндегі ауқымды шараның ашылу салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтіп, «MTV Global Chinese Music Awards» марапатын Айман Мұсаходжаеваға табыстаған.

Аспан асты елінен Астанаға ат басын бұрған Құдайбергеновке өз отандастарының да құрмет пен қошеметі ерекше.

Димаш ерекше вокалдық қабілетінің арқасында әлем таныған тұлғаға айналып үлгерді. Бүгінде Құдайбергеновтің өз еркімен жүріп-тұруы қиындап, тіпті киіну стилі де жиі өзгеріске ұшырайтын болған.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Димаштың киген киімін, мысалы бір киімін кисе, аэропортта екінші рет оны кие алмайды. Себебі ол расында да ол киім бренд, ол киімді басқа адамдарда киюге тырысады.

Иә, Димаш бүгінде жұлдызды мәртебесіне лайық болуы тиіс. Себебі, фанаттары кумирінің киген киіміне дейін жіті бақылып отырады.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Байқасаңыздар, Димаш бір жолы әдемі иттің суреті бар киім киіп суретке түскен болатын. Сол өте көптеген жанкүйлерлерге ұнап, дәл сол киімді жанкүйерлер мына Бастау концертіне киіп келіп, жаңағы Димаштың көңіл күйі күшті болсын деп, Димаштың ұнататын киімін біз кие отырып, оған жақсы көңіл-күй сыйлаймыз деген мақсатпен осы киімді киіп келген болатын.

Айта кетейік, “Бастау» шоуында шет елдік фанаттардың басым көпшілігі аспан асты елінен арнайы келсе, бұл кеште қазақ баласын қолдай келген финляндиялық қарттарда бой көрсеткен көрінеді.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Есімде бір үлкен екі кемпір... Олар туралы ешқандай БАҚ жазған жоқ. Екеуі ешкімге айтпай, жарияламай өздері келіпті. Мен шет елдік адамдар екенін көрдім де, қызығушылық білдіріп сұрағанда біз Финляндиядан келдік дейді. Немересін алып келген.