«Қазақ аруы» байқауының сылқымдары, соңғы уақытта жұрт көзінен тасада жүр

Сообщить о проблеме с эфиром

Әдетте, тәж кисе-ақ танымал болатын «Қазақ аруы» байқауының сылқымдары, соңғы уақытта жұрт көзінен тасада жүр. Бұл сайыстан сүрінбеген сан сұлудың жұлдызын жаққан Баян Мақсатқызы, биылғы жеңімпазға қаншалықты қолдауын көрсетіп жүр?!

Нұргүл Асанова, «Қазақ ару - 2017»: - Конкурс жеңгеннен кейін, Баян Мақсатқызымен бірге 5 жылға контрактіге отырдым. Яғни, өзімді әр жағымнан сынап, актерлық қасиеттерімді де, жүргізушілік қасиетттерімді де.

Баян Мақсатқызы уәде еткендей, қазір Нұргүл ауқымды жобаның түсірілімінде жүрген жоқ. Қазақ аруының биылғы жеңімпазы, шоу-бизнеске енді қадам басқан жас әншінің тұңғыш бейнебаянындағы сылқымның образын сомдауда.

Қос ғашықтың махаббат хикаясын суреттейтін бұл туындыны Ален Ниязбеков таспалауда. Нұргүл Асанованы арнайы кастинг арқылы таңдаған режиссер, қазақ аруының актерлық шеберлігін жоғары бағалауда.

Ален Ниязбеков, режиссер: -Нұргүлдің жүзден жүйрік шығып, «Қазақ аруы» атануы да тегін емес шығар. Алдағы уақытта мықты актрисалардың тізіміне енеді деген ойдамын. Өйткені, жүктелген тапсырманы бірден қағып алатын қабілеті бар.

Алғашқы «Қазақ аруында» тәж киген сұлулардың жұлдызы тез жанып, шоу-бизнеске жолдама алатын еді! Алайда, соңғы жылдардағы жеңімпаздардың танымалдығын бұлт торлай бастағанын Нұргүл Асанова растап отыр.

Нұргүл Асанова, «Қазақ ару - 2017»: -Негізінде салыстырмалы түрде айтсақ, кішкене қатты белсенді емес. Бірақ, жобалармен жұмыс жасап жатырмыз. Гүлназ Жоланова кезінде ол өзінің талпынысы бар. Өзі осыған жетті. Оған қолдау көрсеткен біздің продакшн.

Азулы продюсермен 5 жылға келісімшарт жасаған бойжеткен, бүгінде Баянның жетекшілігімен түсірілетін түрлі жобаларда бой көрсеткенін айтады. Солардың алғашқысы әрі жолашары «КЕШЬЮ» тобының клипі болыпты!

Нұргүл Асанова, «Қазақ ару - 2017»: -Сценарий бойынша, жігіті тастап кеткен қыздың рөлін сомдаймын. Содан кейін маған «Кешью» тобы келіп жаңа рух, жаңа леп беріп, мен қайтадан жанданып, өте қызықты рөл болды.