Қазақстандық спортшы атышулы МакГрегордың кейпінде Лос-Анджелес тұрғындарын алдады

Сообщить о проблеме с эфиром

Болмасаң да ұқсап бақ..! Әйгілі жекпе-жек шебері Конор МакГрегордың рөліне енген қазақстандық спортшы, күллі Лос-Анджелесті шулатты. Ирландиялықтан аумайтын жерлесімізге, АҚШ тұрғындары иманындай сенген! Бұл қызықты пранктің авторы кім?! Оны МакГрегор тани ма?

Мен МакГрегормын деп, Лос-Анджелес көшелерін шулатып, кейін әлеуметтік желілерде жарқ еткен жігіттің есімі Ислам Бадургов. Бұл астаналық жерлесіміз қарапайым воркаутшы, яғни көше спортшысы.

Ислам Бадургов, воркаутшы: -Гримді жасауға 5,6 сағат уақыт кетті. Барлығын аяқтап, көшеге шыққаным сол еді, жұрт шулап қоя берді. Халық Конор МакГрегор деген айқайға басты. Менің мұны күтпегенім анық. Ойын ретінде өтеді деп ойлағанмын, бірақ соңында бойымда МакГрегордың сенімі оянды.

Лос-Анджелес тұрғындарының көпшілігі, жұлдызды МакГрегордың жасанды егізін нақ өзі деп қалса керек. Қаумалап селфиге түсіп, құшақтап ыстық ықыластарын білдірді. Шаш үлгісін жасатып, уақытша тату салдырып, аузынан сағыз тастамаған Бадургов, шоуды сүйетін МакГрегорды айнытпай-ақ салған. Ендігі жоспары әйгілі ирландиялық жекпе-жек шеберімен жүздесу.

Ислам Бадургов, воркаутшы: -Әзірге не боларын айта алмаймын, құпия қалсын. Барлығы енді МакГрегордың хабарласуына байланысты. Менің оған арнаған ұсынысым бар. Шоуды ұнататын Конорды бұл қызықтырады деген ойдамын.

Бір тәулікте 1 миллиондай адам тамашалаған бұл пранктің басы-қасында, белгілі актер Артур Төлепов те жүр. Бадургов екеуіне баяғыдан бергі достық пен воркаутқа деген қызығушылық