MTV Video Music Awards жүлдесінің үміткерлері аталды

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдызды МакГрегордай, Америкалық рэпер Кендрик Ламар да талай шыңға шыққан тұлға. Мәселен, өнерпаз MTV Video Music Awards марапатының бірнеше аталымы бойынша бақ сынамақ. Рэперден өзге бұл бәсекеде қандай орындаушылар бар?

Көп күттірмей жылдың ең үздік бейнебаяны да анықталмақ. Батыстық БАҚ MTV Video Music Awards жүлдесіне үміткерлердің тізімін жариялады.

Бұл жолы америкалық рэпер Кендрик Ламар, қоржыныма жүлде салмай қоймаймын дейді. Өнерпаз өзінің «Хамбл» бейнебаянымен сегіз аталым бойынша бақ сынамақ.

Әйгілі рэпермен бірге, «Жылдың ең үздік бейнебаяны» сыйлығын иеленуге ниеттілер қатарында Бруно Марс, Уикенд, Алесия Кара, Диджей Халед те бар.

Кэти Пери мен Уикенд те MTV-дің арнайы марапатын қанжығалап қалар. Себебі, қос өнерпаз «Ең үздік поп видео», «Ең үздік орындаушы» сынды бес аталым бойынша бәске түседі.

Өткен жылдың жеңімпазы – Бейонсенің есімі бұл жолғы MTV марапатының тізімінде жоқ. Сылқымның сүйіктісі Джэй Зи де, су жаңа үнтаспа шығарғанына қарамастан, үміткерлер көшінен кейін қалған.

MTV Video Music Awards жүлдесіне лайықты деп танылғандар 27-шілде күні марапатталады. Ал, оған дейін әділқазылар алқасы бұл бәйгенің үздіктерін анықтау үшін барын салмақ.