«Астана» клубының Еурокубоктер аясында өз алаңында еш ұтылмауының құпиясы неде?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Астана» клубы болса өзін қолдауға келген 26 мың жанкүйерінің ешбірін ренжіткен жоқ! Олар Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі шеңберінде, елордада «Легия» командасын 3:1 есебімен жеңді.

Польшалықтар фоворит саналса да, «Астана» сапынан Жуниор Кабананга, Иван Маевский мен Патрик Твумаси гол соқты. «Легия» аяқдопшыларынан Армандо Садику бір доппен жауап қатты. Осылайша, «Астана» командасы Еурокубоктік ойындарда, өз алаңындағы жеңіліссіз серияны 10 матчқа дейін ұзартты. Бұл өзінше рекорд!