Дэниэл Джейкобс экс-қарсыласы Головкиннің соққыларына бағасын берді

Сообщить о проблеме с эфиром

Дэниэл Джейкобс экс-қарсыласы Головкиннің соққыларына бағасын берді.

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың айтқанын әзіл деп қабылдауға келе ме? Ол өзінің соңғы қарсыласы Геннадий Головкиннің соққысын 10 балдық жүйе мөлшерінде 8-ге бағалапты. Джейкобс соңғы жекпе-жегінде Головкиннен жеңілсе де, 12 раундқа төтеп берген еді.

АҚШ былғары қолғап шеберінің пайымынша, GGG-ден соққысы зілдей боксшы Питер Куиллин екен. Сондықтан, Джейкобс Головкинді аңыз нокаутшы деп мақтағандармен келіспейтіндігін жеткізген. Дегенмен, әлемдік бокстың сан беделді тұлғасы, Генаның ауыр жұдырығы хақында ауыз толтырып айтқандары есімізде.