Түсірілім алаңында ғашық болған жұптар

Сообщить о проблеме с эфиром

Аружан Жазылбекова – Ахат Ибраев! Ақбота мен Дәурен! Түсірілім алаңынан бастау алған махаббат иелері кімдер?

Дженнифер Лоуренстың махаббатының бастауы болған «Мама» фильмінің тизері таныстырылды! Актриса дәл осы картинаның түсірілім алаңында режиссер Даррен Аронофскиді құлай сүйіп қалғанды. 21 жас айырмашылық та олардың сезім отының тұтатуына кедергі болған жоқ!

Дженнифер , 47 — жастағы Доррен Аранофскиді ақыл тоқтатқан, салиқалы азамат болғандығы үшін сүйіп қалған. Бірақ, олар жалындаған сезімдерін мейлінше жасырғысы келеді.

Ауржан Джазылбекова мен Ахат Ибраевтың да «махаббат хикаялары» осыған ұқсас. Олар да, араларында ғашықтық оты тұтанғанын, шаңырақ көтергендерін білдірмеуге тырысады. Тіпті, киногер қауым бас қосқан патилерде де бөлек жүреді. Оларды, Ахаттың режиссерлігімен таспаланған  балалар фильмі табыстырғанды.

Кезекті фэшн фотоссесия кезінде ғашық болып қалармын деген ой Жандос Айбасовта мүлдем мазаламағанды. Дегенмен, көркі мен ақылы зор үйлесім тапқан, Марина Карпыкованы ол көре сала құлай сүйіп қалған. Сол сәттен актердың инстаграм парақшасында түрлі кәсіби кадрлар жиілесе, Жандос ғашығының қазанаттарға деген қызығушылығын оятты.

Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың да махаббатары да түсірілім алаңынан басталғанды. Сол шақтарда өзге жігітпен сөз байласып жүрген Ашаның ойы «Сынақ» бағдарламасынан соң күрт өзгерді. Себебі, Арманға көңілі ауып, ғашық болып қалғанды. Сол сәттен олардың жұптары жазылған жоқ.

Ақбота – Нұр Сейтмағанбет бой көрсеткен дебюттік комедиясында Дәурен Айдарқұловпен махаббат сахналарын ойнағанды. Кадрдағы сезім өміршең болды. Енді, олар бірге тағы бір телехикаяға түсуді жоспарлап отыр.