«Ревюньюс» күз маусымының ең үздік кино-премьераларын назарға ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жуырда тұсауы кесілетін Қайрат Нұртастың кинокартинасының үзіндісі еді. Туынды көп күттермей осы күзде жарық көрмек. «Арман» атты фильмнен өзге, маусым қандай үздік кинопремьералармен көз қауантпақ? 

Басты рөлді, вайндар арқылы бағы жанған Батыров сомдайтын «Любовь по наследству» туындысы қыркүйектің 29-ы көрермен назарына ұсынылмақ. Киногерлер қауымы, трагикомедия жанрында таспаланған фильм көпшілікке қызық болады деген сенімде.

Бұл картинаны барлығы асыға күтіп жүргені сөзсіз. Бірі фильмді тамашалау үшін асықса, енді біріне Қайрат Нұртастың жары қызық болуда. «Арман» - қазанның 12-ші жұлдызынан бастап үлкен экрандарда.

Комедия жанрындағы «Брат или брак» каринасының тұсауы қазан айында кесілмек. 

Әлем киногерлерінің де күз маусымында ұсынарлары бар. Мәселен, ұшқыш рөлінде Том Круз төбе көрсеткен «Американ мэйд» картинасы. Туынды шынайы оқиғаға негізделіп, пилот Барри Силдың өмірінен сыр шертеді.

Ал, қорқынышты фильмдерді ұнататын жандар болса «Пила-8» -ді тамашалай алады!

Жанкүйерлері үшін асқар тау – Джеки Чан да бұл маусымда көрерменін қуантақ. Режиссер Мартин Кэмпбеллдың көпті күттірген «Иностранец» атты кинотуындысы қазан айынан бастап үлкен экрандарда!

Әрдайым үнсіз кейіпкер Халк-қа тіл бітірген «Тор: Рагнарек» картинасы да киноқұмар жұртқа жуық арада ұсынылмақ.