«Блэк дайл» продюсері ашулы!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сахнаны қызғанған әріптестер – нағыз өсекшілер!» «Блэк дайлдың» хэйтерлеріне Есболат Беделханд неге қаһарланды?! 

Кезінде «91-дің» басына төнген қауіп енді «Блэк дайлдық» жігіттерге келіп жетті. Кью-поп субмәдениетін насихаттаушы ұжымға қазақ өнерінің өкілдері әлі күнге дейін оң қабақ танытпайтын көрінеді. Ал, аталмыш бестіктің басшысы Есболат Беделханның бұл әріптестеріне деген жауабы өктем шықты.

«Сыртқы келбетке қарап бағалаған, көпшіліктің жаман ойларын қайталаған, саxнаны қызғанған әріптестер - нағыз өсекші қатындар сияқты деп ойлаймын!»  

Бұл Есболат Беделханның соңғы посттарының бірі. Ашуға булыққан өнер иесі, желіде қызу талқыға түскен жазбасына жауап беру үшін «Ревюньюске» арнайы сұхбат берді.

Көрерменнің санасын сан-саққа жүгірткен желідегі посттың иесі дәл қазір Есболат Беделхан менің жанымда тұр. Есболат, бұл пост арқылы нені айтқыңыз келді? Ашығын айтыңызшы көрерменге...

Есболат Беделхан, продюсер:

Ашығын айтайын ашуымды айтқым келді. Ашуым 1,2 күннен жиналған жоқ, бұрыннан келе жатыр ғой. Сахнаға осындай келбетпен шығуға болмайды дейді.

Қолдап жатқан продюсерлеріне қатты ызамыз бар деген кісілер де бар. Және біреулер айтады бұл еркек пе, қыз ба? Еркек - еркек болып келу керек деген әңгімелер айтып жатыр.

Әзірге Есболат, сес көрсеткен әріптестерінің атын атауға құлықсыз. Бірақ, кью-поп субмәдениетін кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан продюсер көздегенінен қайтпақ емес!

Яғни, қалаған образдарыңызды жасап, кью-поп бағытын дамытып, алға жылжи бересіздер, иә?!

Есболат Беделхан,  продюсер:

Әрине, біз образды қалай бастадық, солай жалғастыра береміз. Кью-поп деген мен ашығын айтайын, менің ойымша Қазақстанның дамып келе жатқан шоу-бизнесіне үлесін қосады.

«Блэк дайлдың» продсерісіз ғой. Жалпы, ол жігіттердің сыртқа келбетіне сын айтатындар өте көп. Дәл қазір көшеде жүріп-тұруы қалай? Қаншалықты емін-еркін жүріп-тұра алады?

Есболат Беделхан, продюсер:

Көшеде жүріп-тұру өте қиын балаларға. Сондықтан, біз көбінесе балаларға үйде отырыңдар, жұмыс барысында би, ән студияларда соправаждение жасаймыз. Таныс адамдарымен кездесіп, сондай сирек болып тұрады. Сол кезде олар бізге айтып тұрады. Кей кезде балағаттады дейді, ұрамын, соғамын, ана шашыңды қи, ана сырғаң не деп айғайлайтындар бар екен.