Марқұм музыкант, Джон Ленноның әйелі  болса, жұбайының есімін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін лимонад өндіруші компанияны сотқа берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джон Леннонның жесіріне поляктық сусын компаниясының өз өніміне берген  есімі ұнамай қалған. «Джон Лемон» - деп аталатын лимонад Йоко Ононың ойынша, музыканттың есіміне нұқсан келтіруде. Енді, авторлық құқықты бұзды деп айыпталған компания, музыканттың жұбайына өмір бойы өтемақы төлеуге тиіс. 

Ал, 22-жасар модель Джиджи Хадид өзінің мінсіз мүсінімен күншығыс елінің тұрғындарын таңқалдыруға ниетті. Сылқым, жапондық Vogue басылымының түсірілімінде қатысып, бір емес екі бірдей журналдың бетбейнесіне айналды.

Экс «Блэк Ай Пистік» Ферги су жаңа бейнебаянын жұртқа ұсынды. Туындыда ерекше образдарымен көзге түскен 42-жасар әнші, күні кеше сүйіктісі Джош Дюамельмен  айырылысқан еді. Жеке өміріне қарғанда жұмысты алғашқы  орынға қойған Ферги, өз шешіміне еш өкінбейтін сыңайлы...