Жанды дауыста ән салып, тығырыққа тірелген Төреғали болған жайды тыңдарманға түсіндіріп бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы концерттен кейін Төреғали мен Еркенің әншілігіне күмәнмен қараушылар көбейген де болар... Өйткені,  «Алло» әнін жанды форматта шырқаған бұл жұптың дауысы музыкамен үндесе алмай, тығырыққа тірелген болатын. Алайда, өзін келеке қылғандарға Төреғали тік жауап берді.     

Төреғали мен Еркенің шығармашылық тандемі табысты болғанымен, осы дуэттің басы даудан арылмады. Соңғы кездері желіде жарияланған бұл бейнежазбада, олар «Алло» компазициясын шырқап, жанды дауыстарының әуенмен үндеспеуін тыңдармандары қатты сынға алған еді. Енді, араға уақыт салып Төреғали барлығын түсіндіруге бел буған. 

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Кейбір мынадай нәрселер болады. Жанды дауыспен айтқан кезде, жазылып жатқан микрофонның дауысын алып, әдейі бұзуға болады да. Ондайды өз көзіммен көргенмін. Күнде айтып жүрген әніңді түк айта алмайтын қылып жасап қояды. Күннің көзін қолымен ешкім жаба алмайды ғой.

Айта кетейік, бұл ән кеші осыдан бір жарым жыл бұрын Астанада өткен екен! Германиядағы іссапардан келген бойда, аталмыш концертке асығыс шыққан Төреғали бабында болмағанын айтады. Тіпті, ұйымдастырушылар дуэттің дайындалуына да мүмкіндік бермеген.  

Төреғали Төреәлі,  әнші:

-Әр кезде әр түрлі. Бір кезде көңіл-күйің болмай тұрады. Бір кезде шынымен дауысың шықпай тұрады. Оған халық түсіністікпен қарайды ғой. Бірақ, жаңағыдай нәрселер жасалған кезде, кімге ақталып отырасың. Жоқ, негізі мен айта аламын деген сияқты.

Бейтаныс біреулер қос әншіге осылай қиянат жасағанымен, бұл жұптың жігері еш жаншылмақ емес. Төреғали жуырда 5 күн қатарынан Алматы төрінде жанды дауыста концерт беруді жоспарлап отыр.  

Төреғали Төреәлі,  әнші:

-Енді уақыт келеді бәріне. Ертең, құдай қаласа “Айхай25-те» сол ансамбілді қойып, ансамбіл болғанда да қандай ансамбіл. Қазақтың атын әлемге әйгілі еткен Қыдырәлі ағамыздың «Ұлытау» тобы болады. Сол жерде жанды дауыста ән айтамыз. Сол дұшпандық жасап жүрген, іштарлық қылып жүрген, өнерге құштары жоқ адамдардың сол кезде құлағының құрышы қансыншы бір.