Парижде сән апталығы басталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Парижде сән апталығы басталды. Егер сіз, 60-жылдардың үлгісімен киінер болсаңыз, нағыз трендтегі тұлғасыз! Диордың көрсетіліміндегі бұл фешн жаңалық, Наоми Уотс бастаған бір топ жұлдызды біраз ойға батырғандай. 

Париждің Роден музейінде  алғашқылардың бірі болып Dior өз топтамасын таныстырды. Дизайнер Мария Грация Кьюри, бұл жолы деним мен былғарыға басымдық берген.  
Мария Грация Кьюри , «Dior” сән үйінің креативті директоры:
-Мен барша нәзік жандыларға, әсіресе жас қыздарға барынша жарқын әрі сәнді киінуге көмектескім келеді.

Көрсетілімге келген Наталя Водянова, Алекса Чанг, Наоми Уотс сынды қонақтардың, топтамадағы батыл жазуларға да назары еріксіз ауғанға ұқсайды. Мысалы, соның бірі «Неліктен тарихта ұлы суретші әйелдер жоқ?» деген сөздер.

Екінші болып топтамасын жұртқа ұсынған Yves Saint Laurent көрсетілімі нағыз шоумен пара-пар. Сән үйі киімдерін таныстыру үшін Эйфель мұнарасының жанына арнайы сахна құрған.

Yves Saint Laurent топтамасындағы киімдердің өзі де қарапайым емес. Сән үйі ұсынған былғары көйлектерді, меймандар тек нағыз батыл сылқымдарға арналған десті. 
Матильда Бодиер, қала тұрғыны:
-Керемет шоудың куәгері болғаныма өте қуаныштымын. Бұл киімдер расымен өте ерекше, әдеттегіден мүлде өзгеше.