Шымкент қаласы – зың! Шымкенттің әкімімен қоса бүкіл Қазнеттің хитіне айналған «зың рэпті» кім жарыққа шығарды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы 2-3 күндікте әлеуметтік желінің әр түкпірінен «Шымкенттің қыздары зың-зың» деген трекке тап боласың! Тіпті, күні кеше Шымкент әкімі – Ғабидулла Әбдірахимовтың үлкен мінберден дәл осы «әзіл рэпті» арқау етіп, сөйлеген сөзін де құлағым шалды. Жоқ жерден хитке айналған бұл әннің авторы кім болды?

Әрдайым трендте жүруді қалайтын – Ғабидулла Рахметуллаұлы Шымкентті «зың» қала деп атайды! Өзі басқаратын шаһар тұрғындарын мерекелерімен дәл осылай құттықтауды да ұйғарған.

 

Тек, Шымкент әкімінің ғана емес, бүкіл «Қазнеттің» хитіне айналған вирусты тректі көпшілікке таныстырған - «Jokeasses» жігіттері. Бірақ, вайнерлердің сөзінше бұл көше әні екен.

Ахмад Хельми,  «Jokeasses»  вайнері:

– Бексұлтан инстаграмды ақтарып отырып, кездейсоқ осы өлеңді тауып алған екен. Вайн түсірейік деп ортаға талқыға салды. Жандос дәл сол кезде ауруханада жатқанды. Әнді палатадағыларға тыңдатқан соң, қызығушылықтың тым қатты екенін байқаған.

Музыка пәніне арналған мына оқулықты да әлеуметтік желі арқылы көпшілік таратып жатыр. Мұнда, «Зың -зың» туындысының мәтіні басқа, авторлары да айқын.  

Бүгінде, бұл вайн ютуб трендінің үшінші сатысында тұр. Бірақ, «Jokeasses»-тіктер мұншалықты танымалдылыққа бір-ақ күнде кенелеміз деп ойламаған.

Ахмад Хельми,  «Jokeasses»  вайнері:

- Инстаграмда ғана топ жарамыз деген үміт болды! Бірақ, бұл рэпке кавер видеолар түсіріліп, жаңалықтардан айтыла бастады.

Сондықтан да, олар әзіл ролигі өз жалғасын табуы қажет деп есептейді.

Ахмад Хельми,  «Jokeasses»  вайнері:

– Әнді толықтырып, «Jokeasses»-тің барлық мүшелері қатыстырылған бейнебаян түсірсек деген жоспар бар. Қазір мәтінін жазып, әуенін ойластырып жатырмыз.

Жігіттер «Зың» тректің жалғасын таспалап, желіге екі апта көлемінде салуға уәде етті.