Әлем жұлдыздары Лас-Вегастегі азалы оқиғаға көңіл білдіруде!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бізге махаббат пен бейбітшілік қажет!» Арианне Гранде Лас-Вегастағы оқиғаға байланысты ойын осылай жеткізді. Кантри фестивальде орын алған атыс әлемді бей-жай қалдырмағаны анық. Гага бастаған бірнеше өнер жұлдыздары америкалықтардың бұл қайғысына ортақ.  

Кантри музыкасының тыңдармандарын бір жерге топтастырған ауқымды фестивальдің соңы осылай қайғылы аяқталарын ешкім білмеген еді...

60-қа жуық адам көз жұмып, 500-ден астам жан жараланған бұл азалы оқиға Лас-Вегасқа төбеден түскен жағдай болды. Қайғының басты себепкері -  халыққа оқ жаудырған 64-жасар Стивен Паддок есімді күдікті.

#prayforvegas. Дәл осы хештегпен әлеумет әлемнің әр түкіпірінен көңіл білдіруде. Өнер жұлдыздары да болған оқиғада тыс қала алмады. Жеке концертінде жарылыс болған Ариане Гранде қару-жараққа енді бақылауды күшейтуді сұрайды. 

«-Лас- Вегастағы оқиғаға байланысты жүрегім қан жылауда. Бізге махаббат, бейбітшілік және қару-жарақтың қатаң бақылауда болғаны керек.» 
«-Таңертең жаңалықты ести сала, ауыр күйде болдым. Лас-Вегаста өткен түнде құрбан болған жандардың барлығы менің дұғамда!»
«-Мен Лас-Вегасты жақсы көремін. Дәл қазір жаным жараланғандай күйдемін..»

«-Бұл кәдімгі лаңкестік. Лаңкестік белгілі бір нәсілге, дінге немесе жынысқа байланысты емес. Демократтар мен республикашылдар, өтініш мұны бей-жай қалдырмаңыздаршы..»     

Ал, Кантри жанрының музыканттары аталмыш оқиға құрбандарының жақындарына әсем әуен арқылы көңіл айтты...