Игі эстафета бастаймын деген Сәкен Майғазиевтің басы қалай дауға қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңашылдыққа жаны құмар – Сәкен Майғазиев бұл жолы спорттық челленджбен еректенді. Әуел баста өнердегі үзеңгілестеріне жолдаған әншінің эстафетасын, бүгінде кішкентай балалар да іліп әкеткенді. Енді, сол бүлдіршіндер шу шығарып, Сәкен мырзаға айыптарын жаудырды.

Эстафетаны бастағанда Сәкен мырза әлдебір тартумен қатысушыларды мотивацияламаған еді. Дегенмен, сүйікті әншісінің инстаграм парақшасынан көрінудің өзі көпшілікке зор ынта сыйлады.

Сәкен Майғазиев,  «Музарт» тобының әншісі:

– Ата-аналар назын білдіріп жатыр. Балаларымыз өкпелеп жатыр, Сәкен ағамызға ұнамай қалды ма жасағанымыз. Неге парақшасына салмайды деп. Бәрін бір күнде салып, оқырмандарымды қорқытып алғым келмейді.

Бұлай реніш білдіргендерден әнші аздап шыдамдылық танытуды сұрайды. Себебі, Сәкен эстафета хештегімен жарияланған видеолардың ешбірін назардан тыс қалдырмақ емес. Әлеуметтік желіні игі бастамалар үшін пайдалану! Сәкен серінің көздегені осы ғана.

Сәкен Майғазиев,  «Музарт» тобының әншісі:

– Кішкентай бала шлагбаумға тартылып тұр екен. Ауласында кәдімгі турнирі жоқ, спорттық ойын алаңқайы жоқ бала екені көрініп тұр. Қай ауданға қарасты бала екен. Соның әкімдігіне сұраныс, спорттық алаңқайлар жасасаңыздар екен деп азаматтық позициямды білдіріп үлгеріп жатырмын.

Жарияланған видеолардың ішінде тың идеясымен ерекшеленген «Патрульдың» тәртіп сақшылары болған сынды.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

- «Патруль» деген сериалды түсіріп жүрген Нтк арнасының ұжымы бір жақсы дүние жасапты. Креативно деп айтуға да болады, оригинально! Юморы барлар, түсінетін адамдар қошеметтеп жатыр.

Таяуда нәзік жандыларға арналған тағы бір челлендж бастамақ жоспары да бар.