Брэд Питт те жұмысқа басымен кіріп кеткен!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Актер бұл күндері балаларымен кездесуге де уақыт таппай жүрген көрінеді. Алты бүлдіршіннің әкесі атанған оны, мазалап жүрген не?

Өзінің экс-сүйіктісі Анджелина Джолимен қарым-қатынасын үзген Бред Питт, режиссер Джеймс Грейдің «К звездам» картинасында тер төгіп жүр. Актердың жұмысқа беррілгені соншалық, соңғы күндері балаларымен араласуды да мүлде қойған. 
Ал, Ким Кардашьян фотограф қауымымен күресіп әлек. Әлеуметтік желіге сылқымның Мексикадағы демалысында түсірілген сәтсіз суреттерінің тарап кетуі оны қатты мазалауда. 

«Кардашьян әрдайым фотошоп қолданады» деген сынның астына қалған сұлу, жанкүйерлеріне жауап берді. Сылқым, өмірде ондай емеспін, ол бар болғаны сәтсіз шыққан фотолар деп ақталуда..

Криштиану Роналду мен Джорджиния Родригес де папарацци нысанасына  ілікті. Әйгілі футболшының жүкті әйелі халық алдына сирек шығып жүрген жайы бар.. 

32 жасар Роналду жуық арада төртінші рет әке атанбақ. Әйгілі аяқдопшы,  өміріндегі елеулі оқиғаға жауапкершілікпен дайындалып жүрген секілді. Ал, сылқым көбірек демалып, уақытының басым бөлігін күйеуімен бірге өткізуде.