Америкалық шок-рокер Мэрлин Мэнсон Джонни Деппен бірге түсірілген су жаңа бейнебаянын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Пираты карибского моря» картинасының жұлдызы, енді Мэрлин Мэнсонның туындысында басты рөлде. Бейнебаянда бет әлпеті боялған Джонни Депп, сылқымдарды құшағына алып, өз образын беріле сомдауда...

 

Музыкант дарынды актерға бекер таңдау түсірмесе керек. Видео «Say10» трегіне таспаланған болатын. Ал,«Мен де шығармашылығыма шындап кірісем» деген Джанет Джексон болса, дүйім жұртты мінсіз мүсінімен таңқалтты.

 

Атұстарын дүниеге әкелгеннен кейін, көпшілік алдына алғаш шыққан әнші 50 келі салмақ тастаған. Танымастай өзгерген сылқым, енді әлемдік турнеге аттанбақ.

 

Продюсер Харви Вайнштейнге түсіп жатқан шағымдар толастар емес. Жақында ғана актрисаларды сексуалды бопсалау ісімен айналысқан деп айыпталған киномагнаттан, Анджелина Джоли мен Гвинет Пэлтроу да кезінде зәбір көргендерін жария етті.