Зейнетке кеткен Флойд Мейвезерді, жанкүйерлері Головкиннен қашып жүрсің деп айыптады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жекпе-жек те бокс сенсациясы болар еді! Зейнеттегі Флойд Мейвезер «сен Головкиннен сескендің» деп айыптаған жанкүйерінің пікірін жоққа шығарды. Бес салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионның көлігін, фанаттары Нью-Йорк көшелерінің бірінде қоршап алып, осылай сұрақтың астына алған.

50 жекпе-жек өткізіп, 27 нокаут тіркеп, еш жеңілмей бокстан кеткен Флойд, соңғы айқасында Конор МакГрегорды ұтқан болатын. 40-жасар америкалық жұлдызды спортшының сөзінше, ол Генадий үшін кәсіпқой рингке қайта оралуға құлықсыз.