Айқын кімге өкпелі?! Жеке өмірін жұмбақ ұстайтын жұлдыздың дүйім жұртқа айтары бар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Айқынның әр жазбасын жіті қадағалап отыратын әлеуметтік желі оқырмандары әншіні кінәлауды әдетке айналдырған. Тіпті, кейбірі Төлепбергенге жағымсыз пікірлер жазып, жеке өмірін жариялауды талап ететін көрінеді. 

 

Айқын Төлепберген, әнші:

-Отыз мың лайк тұрады да, ішінде бір 100 комментарий жазылады. 100 комментарийдің ішінде әйтеуір 5-6 тиісіп, тырнақ астынан кір іздеп жатады. Егер мен бүкіл танымайтын адамдардың бәріне  комментарий жазып кетсем, бүкіл уақытымды инстаграмда өткізуші едім.

Иә, бүгінде Айқынның әр постын 1 миллион 800 мың адам оқиды екен. Алайда, бұл парақша менің жеке өмірімдегі емес, шығармашылығымдағы жаңалықтарды  жариялауға арналған, дейді әнші.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Менің өзімнің жеке өмірім бар. Менің уақытым жоқ, мыналар не істеп жатыр екен деп, біліп, сұрап, комментарий жазып оған, маған ол қызық емес. Сондықтан, біреудің жеке өміріне араласып, комментарий жазатын адамның өзінің жеке өмірі жоқ деген сөз!

Сондықтан, желіде қисынсыз сауалдарды жолдап, қытығына тигендерге Төлепбергеннің үлкен өтініші бар. Бұдан былай жеке басына тіл тигізбеуді сұрайды.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын. Себебі оның аты «жеке өмір»! Не істеймін, әйтеуір бір айтарым бала-шағам бәрі аман есен бәрі жақсы, әке-шешем бәрі қасымда. Бәрі күшті, бәрі жақсы! «Счастье любить тишину» дейді орыстар.