«Black dial» жігіттері мен Qpop өкілдерінің арасына іріткі салған кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, біздің елде ең көп фанаттар армиясын жасақтап үлгерген кью-поперлер арасынан қара мысық жүріп өткенге ұқсайды. Өйткені, қазақтың поп музыкасын насихаттуды мақсат еткен музыканттардың, өзара қарым-қатынасы көңіл қуантарлықтай емес. Себебін Серікқазы Аязбаев біліп көрді...

Бүгінде кью-поп жобалары ел ішінде қанатын кеңге жайып, түрлі фан-клубтарын құрғанымен, аталмыш жанрды күш қосып, ауызбіршілікпен  дамытуға келгенде қауқарсыз. Арнайы жүргізген сауалнама нәтижесінде, қазақ поп музыкасының өкілдері арасында, өзара қарым-қатынастың нашарлығы байқалды.

«Crystals» тобы:

-Ол біздің продюсерге қойылатын сұрақ. Біз ондайды негізінде білмейміз.

Ziruza, әнші:

-Енді ғана танып жатырмын кью-поп бағытындағы әншілерді. Өйткені, олар уақыт өте келе көбейіп жатыр ғой. Бір-бірімізді танып, ары қарай қарым-қатынас жақсы болуы үшін бір-бірімізді тануымыз керек. Жақсырақ таныстым «Мунлайт» тобымен, «Блэк дайл» тобымен.

Бірақ, Зирузаның бұл сөзін «Блэк дайлдықтар» растап отырған жоқ! Бар уақытын топ жұмысына арнаған жігіттер, шындығында кью-поп өкілдерімен жиі жүздеспейтін болып шықты.  

«Black Dial» тобы:

-Өкінішке орай біз қазір кью-поп өкілдерімен қатты араласпаймыз. Өйткені, біздің жоспарларымызда өкінішке орай кездесу мүмкіндігі бола бермейді.

«Рэйванс» кумирлерінің сөзіне сенсек, продюсермен арадағы келісімшарт бойынша «Блэк дайлдардықтардың» өз еркімен, қалаған уақытта өзге өнерпаздармен араласуына рұқсат жоқ көрінеді. Алайда, келешекте

қара домалақтар бұл олқылықтың орнын толтырып, қарым-қатынасты нығайтуға ниетті.  

«Black Dial» тобы:

-Егер де біз барлығымыз кездесетін болсақ, олармен ақылдасып тәжірибемізді алмасатын болсақ, мен ойлаймын кью-поп жанры одан ары өседі. Ал, қазіргі уақытта олар өздері жұмыс жасап, өздері тағы да таң қалдырғысы келеді.