Рэпер Дрейк пен модель Белла Хадид жаңа жұлдызды жұп болуы мүмкін!

Сообщить о проблеме с эфиром

-Сақал қою стилі өзіне жарасатын Дрейктің, 21 жасар сұлуға көзі түскені рас па?! 

- Мен де, естідім! Жас модель Белла Хадидтің туған күніне арнайы келген рэпердің бұл жүрісі жұртты да бей-жай қалдырмаған!

- Ән арнай келдім деген сылтаумен, сөз салуға оқталған секілді ғой бұл сері!

 

Ұрын келмей, Белла сұлудың туған күн кешіне тіке тартқан Дрейктің ісін жанкүйерлері әр-түрлі топшылайды. Рэпер мен модель бір-біріне ғашық дейді көпшілік! Алайды, қызыммен  оның тек достық көңіл жарасады деген анасы Энди Коэна, мұны жоққа шығарды. 21 жасқа толғанын, Белла Нью-Йоркте туыс-жарандарының ортасында тойлаған. Әйтеуір, Дрейктің орда бұзар 30 жасында отбасын құрар деп, Хадидке құрық салуына тілектестер жетерлік!  

Шын тойдың қамымен жүрген жұлдызды жұп - Кит Харрингтон мен Роуз Лесли. «Игра престолов» телехикаясының 8-маусымының түсірілім кестесіне, екі жастың үйленуіне орай үлкен өзгерістер енбек. Бұл тойға атышулы сериалдың баршы ұжымы меймандатып келеді деп күтілуде. Таңғажайып телетуындыда ойнап жүріп танысып, кейін жүректері табысқан Харрингтон мен Леслидің отау құру қуанышы - жыл жаңалығы болмақ!
 

Гарри ханзада мен Меган Маркл да шаңырақ көтереді дегелі қашан! Әжелері Елизавета ханшайымның жеке батасын алған жұлдызды жұп тойға дайындалуда дейді. Сүйгенім үшін деп, Меган кезінде өзі ойнаған «Форс-Мажоры» сериалынан да бас тартыпты. Жұрт мұны ерлік десті! Ақсүйектер әулеті болса, актрисаның аталмыш телетуындыда көптеген ашық сахналарда бой көрсеткеніне біржолата көз жұмған секілді.