Отандық жұлдыздардың бала күтушілері кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал жандардың өмірі айтулы кештер мен маңызды оқиғаларға толы. Өнер жолында жүрген жас аналар мұндай жағдайда, сәбиін өзге біреудің бақылауына тастауға мәжбүр. Мәселен, жұлдызды шараның бірінде төбе көрсеткен Айдай Исаева, сәбиін бір емес бірнеше адамның қарауына қалдырған.
 

 Айдай Исаева, модель:
-Қазір ұлымды өзімнің көмекшім бар бала күтіміне, үй күтіміне. Және өзіммен бірге қайын інім, қайын сіңлім бар солармен бірге қалдырамын. Әрине тек көмекшіге ғана қалдырмаймын, оған қарап отыратын көз керек.  

«Қазақстан аруы» мұны да аз көрсе керек. «Мен жоқта атұстарымды ренжітіп қояды ма?» - деген ол, сенімділік үшін үйіне арнайы камера орнатқан.

Айдай Исаева,  модель:
-Үйде камера да бар, оның, негізінде камера қоюдың бірден бір жақсы жері, кейіннен қарайсың, қалай болды деп. Ал, мүмкін сенің балаңды ұрып қойса, мысалы соның бәріне қалай қарайсың. Оған бәрібір көз керек. Бәрі өз уақытысымен орнымен болған дұрыс деп санаймын.

Әсем әндерімен жүректі әлдилеген Айдана Меденова да бала күтушілеріне аса сенім білдіре қоймайтын сыңайлы.
 

Айдана Меденова, әнші:
-Kішкентайымды Әлішердің мамасымен, және күтушім бар. Көмекшім бар.
Тәрбиенің ұйытқысы үлкендер екенін алға тартқан Сиви Махмуди үшін, ең жақсы бала күтуші – сәбиінің әжелері.
 

Сиви Махмуди, әнші:
-Әжелері бар, бір емес екі әжесі бар Аллаға шүкір. Кейін көмекші қыздары бар. Сол себептен қарайтын адамдар бар. Әрине, сенімді адам бар болған соң ғана еркін жүреміз.