Тағы да бірінші! Геннадий Головкин WBC тұжырымы чемпиондарының көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

World Boxing News сайты WBC тұжырымы бойынша қазіргі үздік  чемпиондардың рейтингін жариялады! Бұл көшті бастаған қазақстандық Геннадий Головкин! Аталмыш тізімді түзуде, боксшылардың жеке жетістіктері мен жылдар бойғы еңбегі ескерілген!
 

Головкиннің ізін ала, екінші және үшінші орында, әлі жеңіліп көрмеген Теренс Кроуфорд пен Майки Гарсия жайғасқан! Геннадий  WBC-дің негізгі  чемпиондық белбеуіне 2016 жылдан бері иелік етеді! Бұл тұжырым кеңесі  Головкин мен Альварес жекпе-жегін дереу өткізу туралы, арнайы санкциясын жариялады. Қос мықтының рингтегі реваншы 2018 жылдың мамыр айында болады деп күтілуде!