«Қайрат» жанкүйерлеріне жайсыз хабар! «Астана» алматылық клубты бірінші орыннан ығыстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сырт алаңда Кабананганың жалғыз голымен «Шахтерді» ұтқан «Астана», ҚПЛ турнир кестесінде көш бастады. 28-ойыннан кейін 70 ұпай еншілеген елордалық клуб, қоржынында 69 ұпайы бар Қайратты» тұғырынан осылай ығыстырды. «Астана» командасының тағы қосымша екі ойыны бар. 

 

Қазақстан премьер-лигасы 5 қараша күні 33-ші турмен өз мәресіне жетеді! «Қайрат» қалған ойынның барлығын аса ірі есеппен ұтса да, ел біріншілігінің жеңімпазы атануы екіталай. Ол үшін «Астана» екі мәрте жеңіліс дәмін татуы тиіс. Теориялық тұрғыда үміт шоғы сөнбесе де, тәжірибе жүзінде «Қайраттың» бар қауқары осы. Тіпті, осы маусымда алматылықтар сапынан 22 гол соққан Жеррар Гоу да өз командасына көмектесе алмайтын секілді.  

«Астананың» чемпион атанары тайға таңба басқандай айқындала түскен сайын, енді «Қайрат» ел кубогін ұтып алуға жанын салады! Олар 14-қазан күні ақтық сында «Атырау» командасымен бақ сынамақ. Фоворит оңтүстік астана футболшылары болса да, мұнайлы өңірдің аяқдопшылары адуынды қарсылас!

«Астана» тағы чемпиондықты алсам дейді, «Қайрат» шіркін бұл тәжге мен жетсем дейді! Ел біріншілігіндегі бұл драма әлі де сақталады! Үміт пен күдік аралас күй кешкен астаналық және алматылық жанүйерлер ақырын күтеді!