«Блэк Дайл» жігіттері 4 тректен тұратын ән кешін өткізбек!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Блэк Дайл» жуырда өз жанкүйерлерінің өтінішін орындап, «рэйванстарды» риза қылмақ ниетте. Иә, иә көптен күткен ән кеші! Бірақ, алты айдың ішінде бұл бестік тек 4 трек қана жазған. Жарнамасы жер жарған концерт үшін, жігіттер ұсынған бағдарлама аздық етпейді ме?

Алты айдың ішінде фанаттар армиясын жасақтап үлгерген «Блэк дайл» бойзбенді, алғашқы концертке асығыстық таныттық деп отырған жоқ. Өйткені, аздаған уақытта «Қара домалақтардың» көңіл қуантарлық жетістіктері жетерлік.   

Есболат Беделхан, продюсер:

-Нәтижесі 1 миллион бір жүз мың просмотр көрілім жинады Youtube каналынан. Және де біз әр түрлі чарттардан екінші орын, бірінші орын алып жатырмыз. Үлкен-үлкен жүздеген фан-парақшалар ашылып жатыр. Үлкен фанаттардың қолдауы. Оның себебін былай айтуға болады, фанаттар бізді қабылдады деп.

Бүгінде топтың репертуарында 4 қана трек бар. Тіпті, аталмыш кеште бұл бестік әлемдік хиттерді орындаудан бас тартыпты. Алайда, алғашқы концерт үшін 4 ән аздық ететіні ақиқат. Бірақ, бұл бойзбенд кью-поп фанаттарына ерекше музыкалық бағдарлама және түрлі тосын сый әзірлеп жатқан көрінеді.

Есболат Беделхан, продюсер:

-Біз сол кавер болмайды деп шештік. Жеке концертте тек өздерінің орындауында ғана әндер болады. Өздерінің жазған әндері. Мүмкін біз әртүрлі, үлкен тосын сыйлар жасап концерттің уақытын толтырамыз. Бірақ, ең бастысы «Блэк дайл» толығымен жанды дауыста айтатын концерт болады.

«Black Dial» тобы:

-Ең бірінші бастамамызды бірігіп жасамақшымыз. Басқа бір әртістермен бірігіп жасамақшымыз. Бірақ, оның нақты кімдермен екенін толықтай таңдаған жоқпыз. Үміткерлер көп. Әзірге, оның басын ашып айта алмаймыз өкінішке орай.

Сондай-ақ, бұл кеште жігіттердің жұрт білмейтін жаңа қырлары да ашылмақ. Мәселен, топ рэпері Тэдди би батлын ұйымдастырса, бестіктің өзге мүшелері музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен, тыңдарманға түрлі композиция тарту етпек ниетте.