Жұлдыздар және бренд. Өнер жолындағы біздің сұлулар қай дизайнерді таңдайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер жолында жүрген отандық жұлдыздардың талғамы Кейт Бланшеттен кем емес дер едім. Сылқымдар әсем көріну үшін қалтасын әбден жұқартуға да әзір. Олар қандай дизайнерлердің киімдеріне таңдау түсіреді? Жауабын тілішіміз біліп көрген еді...

Әдемі киінуге әркімнің-ақ бара таласы. Кейбір өнер жұлдыздары киім арқылы мінсіз емес мүсінін жасырып қалуға тырысады. Мәселен, тележүргізуші Ләйлә Сұтанқызы сондай жандардың қатарында.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Менің иығым кішкентай мысалы. Белім, бөксем үлкен. Мен кемшіліктерімді жасырамын. Иығымды үлкейтуге тура келеді. Белімді тартуыма тура келеді. Сондықтан ондай ондай құпияларды айта берудің қажеті жоқ.

Уақыттың тапшылығынан стилистің көмегіне жүгінетін ол, мүмкіндігінше отандық өнімді таңдамақ..

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Ал менді мен көп жағдайда отандық дизайнерлердің маркасын киемін. Ол рас.

Модель Айдай Исаева үшін брендтен көрі, көйлектің сапасы маңызды.

Айдай Исаева, модель:

-Негізінде киімдерді сәнгердерлдің де киімімен және өзімнің қалауымен брендтық, немесе басқа заманауи түрдегі киімдер өзіме ұнаса, кез-келген брендттен таңдап киіне беремін. Әрине біріншіден сапасына қараймын.

Әсем әнімен талай тыңдарманның жүрегін жаулаған Аша Матай, киім брендтерінің атын қарша боратты. Сылқымның сөзінше, ол  тек дизайнерлерден киінетін көрінеді..

Аша Матай, әнші:

-Ешкімді бөліп жармаймын, шынымды айтсам. Кімді атап өтер едім.. Әрине, Аида Кәуменова, өзімнің құрбым Малика. Содан кейін Айнұр Тұрысбектің киім нұсқалары ұнайды.

Қысқасы, жұлдыздардың гардеробынан әлемдік те, отандық та дизайнерлердің  киімдерін көруге болады. Қаражаттың көптігіне қарамастан, танымал сылқымдар үшін ең маңыздысы - талғаммен киіне білу.