Украиналық танымал дуэт «Потап пен Настя» сахнадан кетпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жаңалықты, он бір жылдық тарихы бар ұжым, тыңдармандарына видео-жолдау арқылы жеткізді. Өнер иелерінің мұндай шешім қабылдауына не түрткі болды екен...?!

Сахнадан кетеміз деген жұп, бұл үзілістің қаншаға созылатыны жайында тіс жармады. Он бір жылдың ішінде 5 альбом шығарып, 29  бейнебаян таспалап үлгерген дуэт, шығармашылықтан шаршаған болуы керек. Топтың жанкүйерлері бұл жағымсыз хабарды ести сала, өнер иелеріне пікірлері мен сұрақтарын қаршы боратты.

Кардашьяндар үйі - балалы базар! Жуырда ғана Ким мен Каньэ Уэст суррогатты ана арқылы үшінші рет нәрестелі болатынын айтқан еді. Енді міне, бұл әулеттен Кортни Кардашьян да жүкті екенін хабарлады. Модель өз жаңалығымен америкалық басылымға берген сұхбатында бөліскен.

Жалғыздық шеңберіне сыймаймын, күйеуімді қимаймын! Жұбайымен ажырасқан Фегри дәл осылай ағынан жарылды. Әншінің айтуынша, Джош Дюамельмен айырылысу оның ойында да болмаған көрінеді. Әзірге өнер иесі құлазу үстінде.