«Ньютон» бойзбенді жанкүйлерлерімен жөнсіз жүздесетін кью-поперлерді қатаң сынға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уан», «Блэк дайл», «Ньютон»! Бұл бойзбендердің кью-поп бағытындағы мақсаты бір болғанымен, жұмыс істеу тәсілі сан түрлі. Мәселен, «Ньютондық» жігіттер, жанкүйерлерімен жиі жүздесетін өзге әріптестерінің қылығын түсінбейді әрі жақтырмайды. Неге?! Себебін серілердің өзінен сұрап көрейік. 

Осыдан 4 ай бұрын ғана, отандық шоу-бизнеске қадам басқан «Ньютон» бестігі, бүгінде азын-аулақ тәжірибе жинадық дейді. Өйткені, аталмыш ұжым дебюттік бейнебаянын ұсынып, қазір қалың жұрт назарына іліге бастаған. Бірақ, кью-поп өкілдерінің сыртқы келбетіне сын айтып, жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларының санында шек болмай тұрған көрінеді.

«NewTon» тобы:

-Сол баяғыша бір әңгіме. Қыздарға ұқсайды, шаш бояу, құлақ тесу. Сондай әңгімелер. Ең бастысы бұл жерде шаш бояу, ұзын сырға тағудан ерекшелену емес. Бізде ең бастысы ән, қимыл,  сахнада өзімізді дұрыс ұстау. 

Иә, кью-поперлер арасында өзіндік стилімен ерекшеленуге ниетті ұжымның, бүгінде фан-домы да қалыптасып үлгеріпті. «Ньютонның» жанкүйерлер тобы өздерін «Пауэр» деп атайды екен.

«NewTon» тобы:

-Біздің фан-домның атауы «Power»! Неге пауэр? Өйткені, біз Ньютонбыз. Ал, пауэр бізге күш-қуат береді. Күнде біздің фан-домымыз көбейіп жатыр. Сол бізге қуаныш және шабыт береді.

Әдетте, кью-поп өкілдері алғашқы клиптің тұсауын кесіп, көпшілікке танылған сәтте, фан-митинг өткізіп, жанкүйлерлерімен жүздесетін еді.

«NewTon» тобы:

-Бір бейнебаян шығарып, фан-митинг десе ол өте ұят болады. Біз енді олардың махаббаттарын, лебіздерін жаулап алуымыз керек қой. Кішкене жұмыс жасау керекпіз. Содан кейін барып кездесуге бізде лайықты боламыз, оларда дайын болады.