Әлемнің дарынды режиссерлары Күншығыс елінде бас қосуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Токиода отыз жылдық тарихы бар халықаралық кинофестиваль басталды! Сайыста, бас жүлдеге үміткер 15 картинаның арасында қазақстандық туынды да бар.

Ауқымы мен маңызы жағынан әйгілі Канн байқауымен деңгейлес, Токио халқаралық кинофестивалі шымылдығын түрді. Режиссерлердің ең үздік жұмысын анықтауға бағытталған айтулы сайыс, осымен отызыншы рет өткізілуде.

Қызыл кілеммен жүріп өтіп, шараның ашылу салтанатында төбе көрсеткен Томми Ли Джонске, алдағы күндер оңайға түспесі анық. Фестивальде қазылар алқасының мүшесі атанған голливудтық актер, ең мықты 15 фильмді таңдап алуы тиіс.

Бұл кино-сайыс тарихында бас жүлде еншілегендер арасында, «Оскар» сыйлығының екі мәрте иегері  Алехандро Гонсалес Иньярриту да бар. Биыл кинофестивальде жалпы 200 картина бақ сынамақ.

Осы халықаралық байқауда, әлемнің ең үздік киногерлерімен тең дәрежеде,   отандық режиссер Жанна Исабаева «Света» картинасымен бақ сынайды.   Аталмыш кино-аламанда, 2008 жылы Қазақстанда таспаланған Сергей Дворцево́йдың «Тюльпан» атты фильмі марапатқа ие болған еді.